Лента новостей
0

Елімізде су тасқынына қарсы шараларға 3,5 мыңға жуық адам қатысуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.04.2016 20:53 Zakon.kz
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы 276 үйден су шығару жұмыстары жүргізілді. Су басқан автомобиль жолдарының 175 учаскесінің 112-сі қалпына келтірілді.

Республиканың су тасу қаупі бар өңірлерінде алдын алу шаралары мен авариялық-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізу жалғасуда. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облысы Атбасар қаласында Жабай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан өзенге жақын орналасқан үйлерді су басу қаупі туындады. 70 адам жедел көшірілді. Топырақ төгу және қаптар үю арқылы су бөгеу жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа ТЖК, ІІБ, 6636 ә/б, Ұлттық гвардия, жергілікті атқарушы органдар мен тартылған ұйымдардан 76 техника, 458 адам жұмылдырылды.

Сандықтау ауданы Балкашино ауылының маңында Жабай өзенінде су кедергісіз өтуі үшін мұзды жару жұмыстары қолға алынды.

СҚО-да Есіл ауданының Қараағаш, Спасовка, Корнеевка ауылдарында, М. Жұмабаев ауданының Байшілік ауылында, Ақжар ауданының Ақсары ауылында, Шал ақын ауданының Гороецкое ауылында, Қызылжар ауданының Бескөл ауылында су ағызу жұмыстары жүріп жатыр. 23 адам туыстарына жеткізілді. Су тасқынына қарсы шараларға құтқару бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардан 85 адам, 29 техника тартылды.

Петропавл қаласының тұрғын үй секторының 15 учаскесінде қарғын суды айдау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 1 400 текше метр су сорғызылды.

Қостанайда қардың күрт еруіне орай, «Қостанай-2» ауданында «Таулы жыра» су өткізу құрылғысы арқылы су басу қаупі туындады. Су басуы ықтимал үйлерден әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 15 адам эвакуацияланды, олардың 8-і бала. Жергілікті атқарушы органдар мен мердігерлік ұйымдардың күштері су шайып кетуі мүмкін жерлерді бекіту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Оған қиыршық тас пен 3 мың қап пайдаланылды.

Ақтөбе облысы Ақтөбе және Хромтау қалаларынан қызыл суды шығару бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлығы 2 765 текше метр су шығарылды. Қарғалы ауданы Сарыбұлақ ауылдық округінде Большевик бөгетінен суды шығаратын каналдар тазартылып, жеке үйлердің аулаларынан қар шығарылды. Қосістек кентінде қиыршық тас, құм салынған 200 қап дайындалды.

Су тасқыны басталғалы елдің су басу қаупі бар аймақтарында 17 адам құтқарылды, 653 адам эвакуацияланды, солардың ішінде 341-і үйлеріне оралды, 349 адам әзірге көшірілген жерлерінде және туыстарында тұрып жатыр.

Су басқан аймақтардан барлығы 1 503 бас ірі қара мен қой-ешкі малы шығарылды. Қазір 1243 бас мал қайтарылды. Су тасқыны басталғалы Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында барлығы 31024 метр уақытша дамбалар тұрғызылды. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында 103 419 қап дайындалып, қызыл суды бөгеуге жұмсалды, 592 890 текше метр су шығарылды.

Су тасқынының салдарын жоюға ІІМ құрылымдары, жергілікті атқарушы билік органдары мен полиция қызметінен 3 485 адам, 823 техника, 175 су соратын көлік және 25 жүзу құралы тартылды. Ұйым қызметкерлері мен тұрғындар да көмектесті.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы 276 үйден су шығару жұмыстары жүргізілді.

Су басқан автомобиль жолдарының 175 учаскесінің 112-сі қалпына келтірілді.

Фото:qamshy.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: