Павлодарда бес қабатты тұрғын үйден 32 адам сыртқа шығарылды
Zakon.kz
Қызыл жалын бір бөлемелі пәтердің 4 шаршы метрін шарпыған.
Павлодар қаласындағы бес қабатты үйлердің бірінде төтенше жағдай орын алып, 32 адам сыртқа шығарылды. Оның 10-ы - балалар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару бөлімінің баспасөз қызметкері Айгерім Құсайынова мәлім етті.
-Тілсіз жау кеше Цилинная көшесі, 46/1 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты үйде орын алған. Қызыл жалын бір бөлемелі пәтердің 4 шаршы метрін шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді А. Құсайынова.
Фото:pavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript