Лента новостей
0

Жамбыл облысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша оң нәтиже көп

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.04.2016 20:39 Zakon.kz
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен «Облыста ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамның» іске асырылуы» бойынша баспасөз маслихаты өтті.

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметті модернизациялау, экономика, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес пен медициналық кластерді дамыту жұмысы нақтыланды.Тілшілер алдында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуын баяндаған өңір басшысы ең басты мақсатқа тоқталып өтті, деп хабарлайды zakon.kz, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз мәлімдемесіне сілтеме беріп.

Облыс әкімі Ұлт жоспарының алғашқы қадамда мемлекеттік қызметті модернизациялау туралы айтып кетті. Бiрiншi институционалдық реформаны, яғни «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Қазіргі кезде Жамбыл облысында мемлекетік қызметкерлердің саны 5195 адам, оның ішінде 2747 жергілікті атқару органдарда жұмыс атқарады. Облыста 52 мемлекеттік қызметкер сынақ мерзімінен өтіп жатыр»,- деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев.

Оның айтуынша, өзге аймақтан келген мемлекеттік қызметкерлердің өз міндетін атқаруы үшін қызметтік тұрғын үй беріледі. Облыста 273 қызметтік тұрғын үй бар.

-«Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында биылғы жылы 26% мемлекеттік қызметкер оқытылды. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 869 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырады. Ол үшін облыстық бюджеттен 42 миллион теңге бөлінді» ,-деп атап өтті К.Көкірекбаев.

Ұлт жоспарының іске асыру аясында облысты 1 қаңтарынан бастап Жергілікті полиция қызметі жұмысын бастады. Бұған дейін әкімшілік полицияның құрамында болған бірнеше құрылым енді жаңадан құрылған қызметке ауысты. Облыста бойынша Жергілікті полиция қызметіде 1167 қызметкерлер жұмыс атқарады.

Материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 600 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жергілікті полиция тарапынан қабылданған шаралар өз кезегінде облыстағы жедел ахуалды тұрақтандыруға ықпал етуде. Атап айтқанда, өткен үш ай ішінде облыста жалпы қылмыстың 0,7 %-ға төмендеуі байқалады (5331 ден 5313 ке дейін), оның ішінде ауыр қылмыстар 3,1 %-ға (350 ден 339 ға дейін) төмендеген.

ЖПҚ қызметкерлерімен 587 қылмыс ашылды. 44947 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Толтырылған хаттамалардың саны өткен жылмен салыстырғанда 12,5 % ға өскен. Мүлдем төзбеушілік қағидаты аясында 33577 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, 2015 жылмен салыстырғанда 90% ға өскен.

Азаматтардың сот әділдігіне қол жеткізуді жеңілдету үшін сот жүйесі оңтайландырылды. Бүгінгі күні облыста 63 сот залының 59-на аудио-бейнежазба жүйесі орнатылып, «Сот кабинетімен» жабдықталған.

Жыл басынан сот органдары бес сатылы жүйеден үш сатылы жүйеге көшті. Сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетумен қоса, бұл істерді сотта қарау мерзімдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сот бақылауын күшейту жəне азаматтардың құқықтарын қосымша қорғау мақсатында сотқа төрт тергеу қызметіне санкция беру уəкілеті берілді.

Бүгінгі күні облыс бойынша 45 жеке сот орындаушысы қызметін атқарады. Ішкі істер департамент және жеке сот орындаушылардың арасында жасалған меморандумға сәйкес, жекеменшік сот орындаушыларға 29908 іс түсті, оның ішінде 14620 құжат орындалды.

35-36 қадамдарға сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ауылшаруашылық жерлерін кадастрлық құнынан 50-пайыздық жеңілдікпен 10 жыл мерзімі ішінде сатып алуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға шығару мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан 22,2 млн. теңге қарастырылды.

Жалпы, облыс бойынша жер пайдаланушыларға жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 4,3 млн. гектарды құрайды.

Қазіргі таңда 43 жалға алушы 1,4 мың гектар жерді жеке меншікке сатып алуға ниет білдіріп отыр.

Бүгінгі күнге 2,4 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын құрайтын 80 жер учаскесінің құжаттары дайындалып, 1 шілдеден бастап аукцион арқылы сатылымға шығарылады.

Пайдаланылмай отырған жерлерге және жалпы жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесімен облыста 547 мың гектар пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды. Оның 538 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. 55,8 мың гектар инвестициялық жобаларға берілген.

Сонымен қатар К.Көкірекбаев мүлікті заңдастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасып жатқандығын жеткізді. Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 32,1 млрд. теңгені құрайтын 6508 өтініш берілген. Оның ішінде құны 30,0 млрд. теңге болатын 6014 нысан жария етілді. Қалғандары комиссиялармен қаралу үстінде.

Бес институттық реформаның үшінші бағыты аса ауқымды бағыт болып табылады және онда 50 қадам қамтылған. Елді индустрияландыру міндеттерінде жаңғырту мен экономикалық өсім де қамтылғандықтан, әзірге нақты нәтижелер туралы айту ерте. Десек те, бір қатар жемісті жұмыстарға тоқталып өткен жөн. Ұлт Жоспарының осы бағыты жөнінде әңгімелеген аймақ басашысы, қол жеткізілген табыстар жөнінде айтты.

-Ұлт Жоспарында көрсетілген қадамдарды жүзеге асыру бойынша жер қатынастары, құрылыс, электр энергетикасы, агроөнеркәсіптік кешен салаларында ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, облыста электржелілік саласындағы тасымалдауға және электр энергиясын таратумен аймақтық "ЖШС Жамбыл Электр Желілері" компаниясы, ал энергиямен жабдықтау ЖШС "ЖамбылЖарыкСауда-2030" айналысады. Тариф барлық тұтынушылар үшін облыс бойынша бірыңғай болып табылады.

Бекітілген инвестициялық бағдарламасы бойынша Компания 2010 жылдан бастап 4,3 млрд. теңге инвестиция тартты. – деді К.Көкірекбаев

Жамбыл облысы таяу және алыс шетелдіктен инвестициялар тартады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы салынған инвестициялардың көлемі 227 млрд. теңгені құрады. 2014 жылмен салыстырғанда 5,9% - ға өсті.

Өткен жылы шетелдік инвесторлармен көлемі 3,2 млрд. АҚШ долл. құрайтын 17 инвестициялық жобаларға келісімдер жасалды.

2015 жылы облыста «United Green» британдық компаниясы бастаған шетелдік инвесторлар қатыстырылып «BurnoeSolar-1» атты 50 мегаватт қуат өндіретін күн электр стансасы соғылды. Жобаның құны-125 млн. ақш долл. Бұл нысан Орталық Азиядағы ен ірі күн электр станциясы болып табылады.

Сондай –ақ, Жамбыл облысында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Онда каустикалық сода мен хлор, үш хлорлы фосфор, глифосат, пестицидтер, метанол өндіретін жобаны іске асыру басталды. Инвестицияның жалпы құны 256 722 млн. теңге.

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен 13 инвестициялық жобалар құнымен 3,6 млрд. долл. іске асырылу сатысында.

Биылғы жылы 17 млн. АҚШ долларға екі нысын іске қосылуы жоспарланып отыр:

1) "ADEASDevelopment" ЖШС-ның жобасы "Оңтүстік Халал Тағамдары" ет өңдейтін кешенін құру бойынша, құны 13,8 млн. АҚШ доллар. (БАӘ);

2) " COOKEY" SystemsCo. Ltd жобасы, мия өңдеу бойынша зауыты, құны 3,2 млн. долл. АҚШ (Жапония).

Қазіргі уақытта 26 перспективалық инвестициялық жобалар іске асыру бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Оның шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қытай Халық Республикасымен 14 инвестициялық жоба қытайлық компаниялардың қатысуымен жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жобалардың жалпы құны 4,2 млн. долл.

Меркі ауданында жаңазеландиялық «Фонтерра» және даниялық «Aрла» бағдарламалары бойынша сүт кластерін дамыту мақсатында 40 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды.

Алдағы уақытта оның төңірегінде 70-тен-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар фермалар құрылатын болады. Облысқа жалпы сомасы 6,5 млрд. теңге өндірісті дамыту және құс және ірі қара малды етін қайта өңдеу бойынша 5 ірі инвесторлардың тартылған.

Аймақ басшысы өз баяндамасында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011 жылдан бастап бері 20205 бас мүйізді ірі қара мал сатып алынды. Белгіленген бесжылдық жоспар 125,4 %-ға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 24918 бас қой, жоспар 155,7 %-ға орындалды. «Құлан» бағдарламасы арқылы 2317 бас жылқы сатып алынды. Жоспар 115,9 %-ға орындалды-деп атап кетті.

2012 жылдан бастап облыста 17998 бас малға арналған 23 бордақылау алаңдары салынды.

Білім беру реформаның жүйесі аясында облыста екі мектеп 12 жылдық эксперименттік бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде. Үш облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарда оқыту негізгі пәндер үш тілде жүргізіледі.

Жаңа оқу жылынан бастап 26 мың бірінші сынып оқушылары жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқитын болады. 2020 жылдан бастап төрт аудандық мектептерде үш тілде оқыту элементтерін енгізу жоспарланып отыр. Жамбыл политехникалық колледжі жаңа оқу жылынан бастап мұнай-химия саласында мамандарды дайындайды.

Облыс әкімі медициналық қызмет көрсету саласындағы өзгерістер енгізілген туралы айтып берді.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту бойынша өткен жылы Тараз қаласындағы сенімгерлік басқаруға №6 қалалық емханасы құқығымен сатып алуға берілді.

Ағымдағы жылы сенімгерлік басқаруға беру тағы алты денсаулық сақтау нысандары жоспарланған. Сенімгерлікпен басқарушы болып "Жаншуақ" медициналық орталығы табылатын.Емхананың штат саны сақтай отырып (269 адам), медициналық орталығы қосымша 21 жұмыс орны ашады.

Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бағыты бойынша 10 қадам бар. 95-қадам аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдері 42 мың тұрғындардың қатысуымен 379 есеп беру кездесулерін өткізді. Барлығы 1107 ұсыныстар енгізілді, оның ішінде 207 бақылауға алынды.

Биылғы жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың міндеттерді шешу үшін әкімдерінің бақылау шотына 1,4 млрд. теңге. трансферттер бөлінді.

Әкімдіктер жанындаңы қоғамдық кеңестер дің рөлін күшейтуді қарастырады.Соған сәйкес барлық аудандарда және Тараз қаласында Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.

Электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілген, ол айтарлықтай ісжүргізу процесін жеңілдетті.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін регламенттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдармен 174 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде 91 - электрондық форматта.

2015 жылы 4,0 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 105 мың, электронды форматта - 42,0 мың. Бұл облыстағы жаңа экономикалық және әлеуметтік жобалардың тек бір бөлігі ғана. Сондықтан, Ұлт жоспарын толық орындау үшін барлық мүмкіндіктер жұмылдырылатын болады.

Фото:atameken.info


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: