Қазақстандық мектептер үш тілде білім беруге 2016 жылы көшеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.04.2016 15:36 Zakon.kz
Бұл туралы биылғы жылдың 1 наурызында бекітілген 2016-2019 жылдарды қамтитын ҚР ғылым мен білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында айтылған.

Осы әдіс бойынша білім беру ісі сатылап жүзеге асырылмақ. 2016-2017 оқу жылдарында үш тілде білім беруге бірінші сынып оқушылары көшеді, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

«Мақсатты индикаторлар: Назарбаев зияткерлік мектептерінің білім беру тәжірибесі негізінде жаңартылған негіздегі білім беруге көшетін мектептердің үлесі: 2016 жылы 1-ші сыныптар, 2017 жылы 2,5,7 сыныптар 2018 жылы 3,6,8,10 сыныптар, 2019 жылы 4,9,11,12 сыныптар көшеді»,-делінген бағдарламада.

Ал, «Ғылым және бизнес» халықаралық форумында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңартылған бағдарламаның бес күндік оқу тәртібіне көшуге мүмкіндік беретінін мәлім етті.

«Баланың негізінен функционалдық сауаттылықты арттыру әдісіне көшуіне байланысты оқу бағдарламасы қысқарады. Келесі жылы (2017-2018) аталмыш бағдарламаға екінші, бесінші, жетінші тіпті тоғызыншы сынып оқушылары да көшуі мүмкін. Жаңартылған бағдарлама бойынша олар бес күндік оқу тәртібіне көшеді»,-деп мәлімдеді Е.Сағадиев.

Фото:zhambylnews.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: