Банкоматтан қолма-қол ақшаны енді арнайы картасыз да алуға болады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.04.2016 16:21 Zakon.kz
Жинақ банкі Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, теңдессіз қызметті іске қосты. Бұл қызмет түрі банкоматтан ақшаны пластикалық картаның көмегінсіз-ақ алуға мүмкіндік береді.

Ақшаны банкоматтан алу үшін тек смартфоныңыз болса жеткілікті, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.

«Жинақ банкі онлайн» жаңа сервисі банк картасы жоқ болып, алайда, қолма-қол ақша қажет болып қалатын сияқты күрделі жағдайда көмегін тизгізеді. Аталмыш қызмет түрі өзі іске қосылған уақыттан бері клиенттер арасында кеңінен танымал болды. Екі ай ішінде картаның көмегінсіз 50 миллионға жуық қаржы алынды»,-дейді «Жинақ банкі» акционерлік қоғамының бөлшек бизнес жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Андрей Тимченко.

Банкоматтан пластикалық картаның көмегінсіз ақша алу үшін екі талап орындалуы керек. Бірінші «Жинақ банкі онлайн» жүйесінен цифрлық код алып, ақшаны ала беруге болады. «Жинақ банкі онлайн» мобильді парақшасынан немесе оның web-нұсқасынан қолжетімді операциялар тізімінен «Картасыз қолма-қол ақша алу» атты белгіні таңдау керек. Бұл ретте ақшаның сомасы 1000-ға тең болуы керек. Осыдан соң клиент цифрлық кодтың бірінші бөлігін алады. Екінші бөлікті алу үшін ұялы телефон нөмірін көрсету керек. Осы нөмірге код жазылған смс-хабарлама келеді.

Банкоматтан қолма-қол ақша алу үшін клиент «Қолма қол ақшаны картасыз алу» белгісін басады. Одан әрі кодтарды ретімен теру керек. Алдымен «Жинақ банкі онлайн» жүйесі берген кодты, сосын смс-хабарлама арқылы келген кодты теру керек. Осы жұмыстардан соң қажетті қаржы сомасы көрсетіледі. Сөйтіп, өзіңізге қажетті қаржыны әп-сәтте ала аласыз. Құпия сөз 24 сағатқа дейін қолжетімді болады, ал, ақша картаға қайтарылады.

Фото: ubuntovod.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: