Лента новостей
0

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2016 16:26 Zakon.kz
Полицейлер, сонымен қатар, 8 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 60 мың теңгеден көп мөлшерде айыппұл салды.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Уылдырық» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. 7 сәуір мен 30 мамыр аралығында өтіп жатқан рейдтің мақсаты — облыс аумағындағы браконьерліктің жолын кесу, табиғатты қорғау бойынша заң бұзушылықтың алдын алу, балық ресурстарын, су жануарлары мен өсімдіктерді қорғау.Рейдтік іс-шараға жүзден аса полицей мен табиғатты қорғау инспекторлары жұмылдырылды. Тексерудің алғашқы күндері тәртіп сақшылары 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады және заңсыз балық аулауға қатысты 1 қылмысты іс қозғады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Нақты айтқанда, 12 сәуір күнгі рейд кезінде Отырар аудандық жергілікті полиция қызметкерлері Ақсу өзені жағалауында рұқсат етілмеген құралмен заңсыз балық аулап жүрген жерінен 1982 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ол тоқпен балық аулап жүрген жерінен қолға түсіп отыр. Браконьерден үрмелі қайық, аккумулятор, ток көбейткіш құрал және 2,5 келіге жуық ауланған балық тәркіленді.

Бұл факті Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестіріне тіркеліп, қылмысты кодекстің 335-бабымен (балық ресурстарын, басқа да су жануарлары немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) қылмысты іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер, сонымен қатар, 8 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 60 мың теңгеден көп мөлшерде айыппұл салды.

Фото: otyrar.kz.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: