Лента новостей
0

Қазақстандықтардың спорт залдарына сұранысы 43% құрайды - ҚР МСМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2016 18:30 Zakon.kz
Қазақстандықтардың спорт залдарына сұранысы 43%-ды құрайды, деп мәлімдеді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Талдау нәтижелері көрсеткендей, халықтың спорт залдарына сұранысы шамамен 43%-ды құрайды», - деді А.Мұхамедиұлы. Министрдің айтуынша, ауылдағы тұрғындардың тек 25% ғана арнайы залдарда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 36 мың спорт ғимараттары бар, оның ішінде 24,5 мың спорт нысандары білім беру мекемелеріне қарасты болып табылады. Спорт мектептеріндегі 1,5 мыңнан астамы және 9 мыңнан астам нысан ғана дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы нысандарға жатады», - деп мәлімдеді министр.

Ведомство басшысы түсіндіргендей, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері спортпен айналысудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көбіне жекелеген аудан орталықтарында салынып жатыр.

Министрдің пікірінше. Қазақстан спортының болашағы үшін жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған жасөспірімдер мектебі жүйесінің дамуы өте маңызды. Олардың саны жалпы 439 бірлікті құрайды. Бұларда 300 мың оқушы спортпен шұғылданады.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында спорт клубтары мен жасөспірімдер спорт мектептерін кеңейтуге, оларды спорт залдармен қамтамасыз етуге, қажетті қондырғылар орнатуға мүмкіндік бар.

«Біз жергілікті органдар және Білім және ғылым министрлігімен бірігіп, спорт мектептері мен секцияларды ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда қазақстандық мектептерде 38 мың спорт секциясы жұмыс істейді. Онда оқушылардың 27 пайызы шұғылданады», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, барлық мектептерде, әсіресе ауылдық жерлерде спорт залдарының жетіспеуінен спорт секциялары ашылды. Қиындықтарға қарамастан МСМ мен Білім және ғылым министрлігі балалар-жасөсіпірімдер спортын дамыту бойынша шаралар қабылдауда.

Фото: ztb.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: