Қарағанды облысында атасының көлігін айдап әкеткен жасөспірім апатқа ұшырап, қаза болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2016 20:13 Zakon.kz
Аталған факт сот алдындағы істердің бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан атасының «Москвич-412» маркалы көлігін айдап әкеткен 10-сынып оқушысы қаза тапты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Абай ауданы Ақбастау кентінде орын алды. Жасөспірім атасының «Москвичін» айдап әкетіп, досымен көлікпен жүргісі келген. Ол көлікті басқара алмай, автомобиль жыраға аударылды. Жол-көлік апатында 10-сынып оқушысы алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысын ауруханаға жеткізді.

«Аталған факт сот алдындағы істердің бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Фото:inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: