Оңтүстік Қазақстанда былтыр үйленген 21 мың отбасының бес мыңы ажырасып кеткен

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2016 22:20 Zakon.kz
Кәмелет жасына толмай жүкті болып қалатын қыздардың көбі осы Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Былтырғы 1 жылдың ішінде 840 оқушының жүкті болғаны белгілі болып отыр.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 21 мың жұп некесін қиып, шаңырақ көтерсе, бүгінге дейін олардың 5 мыңы ажырасып үлгеріпті. Бұл туралы Шымкентте өткен аналар форумында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Облыс бойынша заңды түрде тіркелген некенің әрбір бесіншісі көп ұзамай ажырасып жатады екен. АХАЖ бөліміне тіркелмейтін отбасылар да аз емес көрінеді. Ал ажырасқан отбасылардың көбінде бір немесе екі баладан бар, соның салдарынан жалғыз басты аналардың да саны облыста артып келе жатқаны байқалады.

Аталған жиында сондай-ақ, мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесі де сөз болды. Сөз болатынындайы да бар, өйткені, кәмелет жасына толмай жүкті болып қалатын қыздардың көбі осы Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Былтырғы 1 жылдың ішінде 840 оқушының жүкті болғаны белгілі болып отыр.

Фото:pumpidum.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: