Павлодарлық оқушының жобасы Бүкілресейлік байқауда үздік деп танылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.04.2016 22:49 Zakon.kz
Қазақстанда туризм саласын дамытуға қызығушылық білдірген адамдар мен тарих пәнінің ұстаздары осы жұмыстың қорытындысын пайдалана алады.

Павлодарлық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «Е» сынып оқушысы Татьяна Виндерголердің жобасы В. И. Вернадскийдің атындағы XXIII Бүкілресейлік байқауда үздік деп танылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке аталмыш білім беру ордасының баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова мәлім етті. - Халықаралық «Ломоносов» жастар ғылыми форумы аясында Мәскеу қаласында өткен байқаудың екінші кезеңіне 961 жұмыс ұсынылды. 2015-2016 оқу жылы жіберілген 1701 жұмыстың ішінен бірінші кезеңге 1453 жоба өткен болатын. Татьяна «Баянауыл археологиялық ескерткіштерінің туристік-рекреациялық әлеуетін талдау» тақырыбында өзінің жетекшісі Оксана Питюковамен бірлесіп, тыңбай еңбек етті. Нәтижесінде ол «Өзекті зерттеулер», «Ең жас қатысушы» және «Туған өлкесінің тарихына деген сүйіспеншілік» аталымдары бойынша марапатталып, бірінші дәрежелі дипломға ие болды, - деді Р. Божақанова.

Оксана Питюкованың айтуынша, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне талдау жасау барысында инфрақұрылым деңгейі мәдени-танымдық туризмді дамытуға және туристерді тартуға кедергі болатындығы анықталған. Сондықтан Қазақстанда туризм саласын дамытуға қызығушылық білдірген адамдар мен тарих пәнінің ұстаздары осы жұмыстың қорытындысын пайдалана алады.

Айта кетерлігі, жуырда ғана Павлодарда химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Артем Федоровский «Нанотехнология – болашаққа талпыныс» атты Бүкілресейлік Х олимпиадада ұпай саны бойынша абсолюттік жеңімпаз атанған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: