ЕАМФ-те бірқатар мұнай өндіруші елдердің экономикалық мүддесі туралы айтылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.04.2016 19:05 Zakon.kz
«Қара алтын» өндіру көлемі едәуір өсті, ортақ мәміле жоқ, бірқатар мемлекет өзімшілдік танытып, экономикалық мүддені басты орынға қойып отыр.

Форумға қатысып жатқан сарапшылардың жоғары деңгейі бірқатар елдің мұнай бағасына қатысты мәселеде экономикалық мүддеге басымдық беру құпиясын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан XIII Еуразия медиа форумы барысында Ресей Федерация кеңесі экономикалық саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Дмитрий Мезенцев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бірінші сессияның күн тәртібіне қойылып отырған өте өзекті мәселе мұнай бағасының қазіргі жай-күйіне назар аудартады. Дохадағы ОПЕК-ке мүше мемлекеттердің кездесуі қалай өткеніне баршамыз куә болдық, жарты тәулікке созылған келіссөз еш нәтиже бермеді. Бүгінде күніне 30 млрд баррель мұнай өндіру ОПЕК елдері үшін шекті шама емес екеніне көз жеткізіп отырмыз. «Қара алтын» өндіру көлемі едәуір өсті, ортақ мәміле жоқ, бірқатар мемлекет өзімшілдік танытып, экономикалық мүддені басты орынға қойып отыр. Біз де мұның себебін түсінуіміз керек. Сондықтан бүгін осы залда отырған сарапшылардың жоғары деңгейі кейбір құпияны ашуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - дейді сарапшы.

«Өкінішке қарай, күн тәртібіндегі экономикалық мәселелердің бір шоғыры он төртінші форумға қалатын түрі бар. Келесі форум да бүгінде таңқаларлық қарқынмен дамып келе жатқан Астанада өтетін шығар», - дейді Д.Мезенцев.

Естеріңізге салып өтсек, XIII ЕАМФ жұмысына 400-ден аса делегат қатысып жатыр.

Фото: ria.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: