Ақсулық жастар Геннадий Головкинді қолдау мақсатында GGG форматында мотожарыс ұйымдастырды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.04.2016 23:51 Фото: zakon.kz
Былтыр жас натуралистер станциясында Генадий Головкиннің жакүйерлері боксшыны қолдау мақсатында GGG форматында қарағай ағаштарын отырғызған.

Ақсу қаласының жастары орталық алаңда WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді қолдау мақсатында GGG форматында мотожарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке металлургтер қаласындағы жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Еркебұлан Күнтуған мәлім етті.

- 23-сәуір күні Геннадий Головкиннің америкалық Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жегі қарсаңында жергілікті боксшылар шаршы алаңда бірнеше көрсетілім ұсынды. Олардың ішінде өзінің жаттықтырушысымен бірге шыққан ең кішкентай қатысушы София Ващенконың соққысының жылдамдығы көрермендерді тәнті етті. Ол "Арман" спорт клубының тәрбиеленушісі және балалар арасында бокстан өткен қалалық байқаудың жеңімпазы. Сонымен қатар, бұл күні рэперлер мен хореографиялық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды. Шараның соңында 500 адамның қатуысуымен селфи жасалды, - деді Е. Күтуған.

Еске сала кетейік, былтыр жас натуралистер станциясында Генадий Головкиннің жакүйерлері боксшыны қолдау мақсатында GGG форматында қарағай ағаштарын отырғызған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: