Көлік полицейлері Алматы қ. әуежайында шетел азаматын бұзақылық жасағаны үшін ұстады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.04.2016 23:57 Zakon.kz
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы қ. әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне «Эйр Астана» АҚ авиабилеттерді сату агентінің шағымы келіп түскен. Оның айтуынша, 28 жастағы Нью-Йорк (АҚШ) қаласының тұрғыны дөрекілік танытып, балағаттаған. Бұл туралы zakon.kz, Көліктегі ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Шет ел азаматы Алматы қ. ЖПБ кезекші бөлімшесіне жеткізіліп, ол жерде де билік өкіліне қарсылық танытып, оның заңды талаптарына бағынбаған.

Жоғарыда аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы, яғни, ҚР ҚК 293 (Бұзақылық) және ҚР ҚК 379 бабының 1 тармағы (Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото:sled.net.ua

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: