Павлодарда теміржолшы өзінің серіктесі аяқтан шалғанын сотта дәлелдеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.04.2016 17:10 Zakon.kz
Павлодар қалалық соты ер адамды Павлодар бекеті жүк бөлігі пойыздарында қабылдаушы-тапсырушы лауазымына қайтадан алуды міндеттеді.

Павлодарлық Медгар Искаков жарты жыл өткеннен кейін сот арқылы жұмыс орнына оралып, моральдық шығынды өндіріп алды. Ол жұмыс берушінің сенімінен айырылу бабы бойынша жұмыстан босатылған болатын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, өткен жылдың қараша айында Медгар Искаков өзінің серіктесі Руслан Кенжеккевпен бірге «Алматы-Павлодар» бағытында № 31 пойыз арқылы жолға шыққан. Олар Алматыда жүк тиеген. Сапарға шықпас бұрын Медгар азық-түлік алуға дүкенге кетіп, Руслан жүкті рәсімдеу үшін орнында қалған. Сол кезде вагонға тексерушілер кіріп, жүк бөлімшесінен ресімделмеген жалпы салмағы 250 келі тартатын автокөліктің төрт дөңгелегін анықтаған. Р. Кенжекеевтың айтуынша, жүкті көлік прокуратурасының қызметкерлері қабылдауды сұраған.

«Алматы-Павлодар» бағытындағы келесі рейсте № 367 пойызда ер азаматтар тағы да жүк тиеп, Ақтоғай бекетіне келгенде тексерушілер қораптардағы рәсімделмеген тағы бір жүкті көрген. Сотта Медгар Искаков жүк туралы мүлдем бейхабар болғанын, себебі серіктесті қабылдаған кезде ұйықтап жатқанын айтқан. Соңынан екі ер адам да қатаң сөгіс алып, ҚР ҚК-нің 10-бабы – «жұмыс берушінің сенімінен айырылуы» бойынша жұмыстан босатылған. Медгардың әріптесі сотта екі жағдайда да жүкті өзі қабылдағанын мойындады. Себебі бұл жайт оның кезекшілік етуінде орын алғандықтан, қателік үшін жуапкершілікті өзі артуы тиіс. «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» филиалының өкілі сотқа келмеген соң, іс оның қатысуынсыз қаралды.

- Павлодар қалалық соты ер адамды Павлодар бекеті жүк бөлігі пойыздарында қабылдаушы-тапсырушы лауазымына қайтадан алуды міндеттеді. Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан Искаковтың пайдасына қарай 414 мың теңге еңбекақы өндіру жүктелді. Оның ішінде - еркінен тыс жұмыссыз жүрген уақыты үшін 276 486 теңге көлемінде еңбекақы, 100 мың теңге моральдық шығын ретінде өтемақы және 37 648 теңге сот өкілдеріне жұмсалған шығын, - деді облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева.

Омар Еркін

Фото:mediasat.info


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: