Польша Алматыға инвестиция құюға дайын

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.04.2016 23:50 Zakon.kz
Шетелдік қонақтар Қазақстан мен Польшаның Орталық Азия, Орталық Шығыс Еуропадағы беделді мемлекеттер екендігін атап өтіп, өзара бизнес ынтымақтастықтың тиімді тұстарын дамытуды ұсынды.

Польша Алматыға инвестиция құюға дайын. Алматы әкімдігінде Польша даму вице-министрі Витольд Словик басқарған бизнес делегациясымен кездесу өтті. Жүздесу халықаралық әріптестік аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Шетелдік қонақтар Қазақстан мен Польшаның Орталық Азия, Орталық Шығыс Еуропадағы беделді мемлекеттер екендігін атап өтіп, өзара бизнес ынтымақтастықтың тиімді тұстарын дамытуды ұсынды. Санаққа жүгінсек, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматы мен Польшаның арасындағы тауар айналымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артыпты. Бүгінде Алматыда 49 біріккен кәсіпорын бар. 26 кәсіпорын Польша капиталымен жұмыс істеуде.

Кездеу барысында Витольд Словик Алматының инвестициялық әлеуетін жоғары бағалады. Польша тарапы жеңіл рельсті көлік жүйесін дамытуға үлкен қызығушылық білдірді. Аталған жоба жақын арада жүзеге асуы ықтимал. Сондай-ақ, олар тұрмыстық қалдықтар мен балама энергетика көзін дамытуға инвестиция құюға ынта білдірді. Алматы әкімдігінің өкілдері бизнес-делегацияны Алматының 1000 жылдығын тойлауға, «Универсиада-2017» шарасына қатысуға шақырды.

Фото:turkystan.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: