Н.Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.04.2016 21:27 Zakon.kz
Екі елдің түрлі саладағы жемісті ықпалдастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты.

Кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, мұнай химиясы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Екі елдің түрлі саладағы жемісті ықпалдастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ екі елдің ұзақмерзімді даму стратегияларында белгіленген стратегиялық мақсаттардың ұқсастығын айтты.

Әділ әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, ол біздің елдің ислам әлемін өркендетудегі елеулі рөліне назар аударды.

Фото:akorda.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: