Квадроцикл мен мотокөлік жүргізу үшін куәліктің болуы міндетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.04.2016 15:41 Zakon.kz
Емтихан тапсыру құны 2500 теңге ғана болғанмен, емтиханнан үш рет құлағандар автомектептерде оқымайынша қайта сынаққа жіберілмейді.

Жаңа жолда жүру ережесіне сай, енді квадроцикл мен мотокөлік жүргізу үшін куәліктің болуы міндетті. Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында квадроциклдерге қазірдің өзінде жүргізу куәлігі беріліп жатыр. Алматыда БАҚ өкілдеріне «Өзіңді сынап көр» акциясы ұйымдастырылып, емтихан тапсыру процесі таныстырылды. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Моторының көлемі шағын болса да, жолға шыққан кез келген қос дөңгелекті көлікке жүргізуші куәлігін алу міндетті. Болмаса квадроцикл, мотокөліктерге салынатын айыппұл көлемі жеңіл машиналармен бірдей. Бірақ оны елеп, жаппай емтихан тапсырып жатқан жан сирек. Жыл басынан бері тек үш алматылық қана квадроцикл жүргізуге куәлік алған.

«Жүру заңына байланысты біраз өзгерістер болды. Бұрынғы кезде болмаған жағдайлар, мысалы осы мопед және мотоциклдерге подкатегориялар ашылды. Бұрынғы кезде бес категория болса, қазір А, А-1,Б, Б-1 сынды он категория ашылды. 16 жастан бастап мопедке жүргізуші куәлігін алуға болады», - деді Алматы қаласы ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

40 минутта 32 сұраққа жауап берген адам ары қарайғы сынақты тәжірибеден автоматтандырылған автодромда тапсырады. Айналаның бәрі бейнебақылауда, үміткерге нұсқаушымен сөйлесуге де рұқсат берілмейді.

Жалпы ХҚКО күніне жүзге жуық адамның жеңіл көліктер арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндігі бар болса, осындай ауыр техникамен ары кеткенде бір-екі адам ғана сынақ тапсырады екен.

Алаңда айналмалы жолдың 12 түрі, ондаған белгілері бар. Емтихан тапсыру құны 2500 теңге ғана болғанмен, емтиханнан үш рет құлағандар автомектептерде оқымайынша қайта сынаққа жіберілмейді. Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері де сынақ тапсырғанмен, көлікті талап бойынша мүлтіксіз жүргізуге жиырма пайыздайы ғана дайын болып шықты. Ал көлік тізгіндеуге қажетті куәлік алу үшін автомектептердегі дайындықтан кейін де емтихан тапсырып жатқандар көп. Бірақ Әділет министрлігінің жаңа бұйрығы шыққан күннен бастап, арнайы ақылы орында оқығаны туралы құжат талап етіліп жатқан жоқ. Дегенмен бұл емтихан жеңілдеп, жол қауіпсіздігіне кері әсер етеді дегенді білдірмейді.

«Осы үш айдың ішінде бізге 2477 адам емтихан тапсыруға тапсырыс берген. Соның ішінде теориялығы 1159 адам. Тапсырғаны 686 адам. Бұл жерде нақты 78 пайызы сынақтан өтті. Ал практикада 1318 адам. Оның ішінде алғаны 465 адам», - деді Алматы қаласы ІІД ӘПБ емтихан тіркеу бөлімінің орынбасары Нұрлан Аманбек.

Көлікке қатысты қызмет көрсететін орталықтың жұмыс істеп келе жатқанына биыл алтыншы жыл. Техниканы тіркеу және шығару, көліктің техникалық сапасы және жүргізуші куәлігін алуға қатысты барлық жұмыстар осында жүргізіліп, күніне мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі.

Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжан

Фото:www.newstop.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: