Биыл Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысы басталады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.04.2016 23:52 Zakon.kz
Жол 66 шақырымға созылады, сондай-ақ ол алты және төрт жолақты қозғалыспен бірінші техникалық санатқа жатқызылады. Аталған жол шамамен тәулігіне 38,5 мың көлікті өткізуге қауқарлы болады.

Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа комитетінің көшпелі отырысында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл алғашқы маңызды концессиялық жоба және оны биыл жүзеге асыруды бастаймыз. Үкімет негізінен үздік конкурстық өтінімді анықтады. Қазіргі кезде консорциуммен бұл жоба құнын төмендетуге қарай келіссөздер жүріп жатыр. Бір жарым айдың ішінде осы келіссөздің қорытындысын жария етеміз. Осы ретте компания биылғы жаздың соңына қарай ұйымдастыру шараларын бастайды»,-деді Ж. Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, жол 66 шақырымға созылады, сондай-ақ ол алты және төрт жолақты қозғалыспен бірінші техникалық санатқа жатқызылады. Аталған жол шамамен тәулігіне 38,5 мың көлікті өткізуге қауқарлы болады.

Руслан Ғаббасов

Фото: egemen.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: