Қ.Бозымбаев жер қойнауын пайдаланушы компанияларға бірқатар міндет жүктеді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.04.2016 17:52 Фото: zakon.kz
Министр салынып жатқан жанар-жағармай зауытының құрылыс барысымен танысты. Сәтін салса, зауыт маусым айында өнім шығара бастайды.

Қазақстанда «Теңізшевройл» компаниясы өндіретін мұнайдың көлемін көбейту үшін құны 35 миллиард АҚШ долларлық жоба жүзеге асырылады. Осы мақсаттағы жобаның бірі – өңірдегі Қарашығанақ кенішінде де қолға алынбақ, деп жазады 24.kz арнасы.

Нәтижесінде екі бірдей кен орнында 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен қазақстандық үлесті арттыру мәселесі бойынша өткен жиында мәлім болды. Сала басшысы Қарашығанақ кенішінің жұмысымен танысып, жер қойнауын пайдаланушы компанияларға бірқатар міндеттер жүктеді. Басты тапсырмалар қатарында тендерге қазақстандық бизнес кәсіпорындарының қатысуына мүмкіндік туғызу және мұнай-газ жобаларында отандық мамандар санын арттыру міндеті бар. Қазір Қарашығанақ компаниясы мұнай және газ қондырғыларын кешенді жөндеуден өткізіп жатыр. Осы мақсатта 6 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 3 мың адам жұмысқа қабылданған. Сондай-ақ министр салынып жатқан жанар-жағармай зауытының құрылыс барысымен танысты. Сәтін салса, зауыт маусым айында өнім шығара бастайды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Теңіз кенішінде мұнайды өңдеуді кеңейту барысында 35-37 млрд доллар тұратын осындай жоба бар. Жалпы 24 мың жұмыс орны ашылады. Оған мән беру керек. Қазақстандық үлес одан 50%-дан жоғары болу керек.

Фото: today.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: