Алматыда ХҚКО ұсынатын қызметтер саны 2 есе өсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2016 17:36 Zakon.kz
Жыл соңына дейін ұсынылатын қызмет саны 700-ге жетеді деп күтілуде.

Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын қызметтердің саны 2 есе өсті. Қазір орталықтың базасындағы «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы табысты жұмыс істеуде, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Қаперде болар, құрылым 4 мемлекеттік органның бірігуінен құрылды. Яғни, халыққа қызмет көрсету, жер кадастрлық, жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтар қосылды. "Бір терезе" жүйесінің көмегімен ұсынылатын барлық мемлекеттік қызметтердегі құжат алу уақыты айтарлықтай қысқарды. Мамандардың айтуынша, біріккен мемлекеттік құрылымдардың қызметтері халық арасында кең сұранысқа ие.

"Азаматтарға арналған қызметтің де саны көбейді, бұрын 212 мемелкеттік қызмет көрсетілетін болса, қазір оның саны 522-ге жетті",- деді Алматы қаласы Бостандық аудандық Әділет басқармасының бас маманы Жанагүл Дәулетова.

Мемлекеттік корпорация қызметтер сапасын мейлінше жақсарту, оларды көрсету мерзімдерін азайту мақсатында құрылды. Жыл соңына дейін ұсынылатын қызмет саны 700-ге жетеді деп күтілуде.

Фото:almaty.tv

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: