Павлодарда бес қабатты үйде бір күнде екі пәтер өртке оранды
Zakon.kz
Өрт сөндірушілер бірінші қабаттың терезесі арқылы кіріп, 20 адамды құтқарды.
Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесі, 125 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйде екі бірдей пәтер қызыл жалынның астында қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысы Маусипа Ержан мәлім етті.
- Күндіз сағат 11.30 шамасында №58 пәтер өртеніп, тілсіз жау бес шаршы метрді жалмап кеткен. Сол күні тағы бір төтенше жағдай №18 пәтерде орын алды. Мұнда кешкі уақытта екі бөлмелі үйдің ас бөлмесінен өрт шықты. Өрттің көлемі екі шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер бірінші қабаттың терезесі арқылы кіріп, 20 адамды құтқарды. Орын алған оқыс оқиғалардың себептері анықталуда, - деді М. Ержан.
Абзал Қабдраш
Фото:alau.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript