«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшқышы 2 жарым жылға сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2016 19:03 Zakon.kz
Есірткімен ұсталған Роман Быковқа қатысты сот үкімі шықты.

Есірткімен ұсталған «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшқышы 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Түрксіб аудандық сотында есірткіні қолданғаны және заңсыз тасымалдағаны үшін айыпталған Роман Быковқа қатысты сот үкімі шықты. Үкімге сәйкес Роман Быков енді 2 жарым жылын темір тордың арғы жағында өткізеді және 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.

Сондай-ақ, оған 2 жылға дейін әуе кемесін басқаруға қатаң тыйым салынды. Айта кетсек, ұшқыш 1 наурызда «Мәскеу-Алматы» бағытындағы рейсті басқару барысында есірткі қолданған күйде Алматы әуежайына келіп қонған. Тексеріс кезінде одан 1,55 грамм марихуана тәркіленді. Ұшқыштың өзі кінәсін мойындамаса да, жүргізілген медициналық сараптама оның қанында есірткі затының барын анықтаған.

Фото:news.ivest.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: