Түрмеде босанған әйел қамаудан босатылмады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.05.2016 23:18 Zakon.kz
Сотта прокурор сотқа дейінгі тергеу амалдарының халықаралық сұраныс бойынша Түркиядан келген жауапты аударуға уақыт қажет болғандықтан аяқталмай жатқанын түсіндірді.

Қарағандыда алаяқтық жасады деген күдікпен қамалған «Фараон» туристік фирмасының басшысы Жанар Әбеуп түрме қабырғасында босанса да бостандыққа шығарылмады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Күдіктінің қорғаушысы түрмеде босанған турфирма басшысын кепілдікке босатуды немесе үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Алайда, сотта прокурордың Жанар Әбеупке қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзарту бойынша өтініші қанағаттандырылды. Қазыбек би аудандық сотының шешімімен, күдіктінің қамауда болу мерзімі 8 айға, яғни 2016 жылдың 6 маусымына дейін ұзартылды.

Сотта прокурор сотқа дейінгі тергеу амалдарының халықаралық сұраныс бойынша Түркиядан келген жауапты аударуға уақыт қажет болғандықтан аяқталмай жатқанын түсіндірді.

Қайрат Әбілдинов

Фото:outpouring.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: