Алматыда Дзюдо академиясы ашылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.05.2016 19:25 Zakon.kz
13 мамырда Алматы қаласында дзюдо академиясының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлады ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен.

Жаңа академия барлық халықаралық талаптарға сай болмақ. Спорт кешенінде 4 татамиге арналған зал, тренажер залы, 100 адамға арналған жатақхана мен асхана орналасады. Оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының ғана спортшылары емес, дзюдо күресіне енді қызығушылық танытқан жеткіншектер де жаттыға алады. Сонымен қатар, академия аясында халықаралық дәрежеде оқу-жаттығулар, шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделген, деп жазады ҚазАқпарат.

Естеріңізге салайық, құрылыстың алғашқы тасын қалауға Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысқан еді.

Ал академияның салтанатты түрде ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің қатысуы жоспарланған.

Марлан Жиембай

Фото:vladimir.er.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: