Павлодарда Кеңес Одағының батырлары мен «Даңқ» орденінің иегерлеріне аллея ашылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.05.2016 20:25 Zakon.kz
Кеңес Одағының 24 батыры мен «Даңқ» орденінің сегіз толық иегеріне арналған аллея Қайырбаев көшесінде бой көтереді.

Павлодарда Ұлы Жеңіс күні Кеңес Одағының батырлары мен «Даңқ» орденінің толық иегерлеріне арналған аллея орнатылмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ардақ Райымбеков мәлім етті.

-Мерекелік шара әскери даңқ алаңында гүл шоқтарын қоюдан басталады. Орталық алаңда бес блоктан тұратын театрландырылған көрініс қойылады. Оған 1000-ға жуық адам қатысады. Сондай-ақ, «Мәңгілік полк» шеруіне 1500-дей тұрғын қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл күні эстрада жұлдыздарынан қазақтың сүйікті ұлы Медеу Арынбаев пен Юрий Копнов келеді, - деді А. Райымбеков.

Сондай-ақ бөлім басшысының айтуынша, «Құлагер» ипподромында «Павлодар барысы» турнирі мен бәйге ұйымдастырылады. Бұдан басқа, ауқымды іс-шаралар келесі алаңдарда өтеді: «Достық» үйі, Гагарин саябағы, қалалық саябақ, «Әскери даңқ» мұражайының алаңы, Конституция алаңы және «Речной вокзал». Кеңес Одағының 24 батыры мен «Даңқ» орденінің сегіз толық иегеріне арналған аллея Қайырбаев көшесінде бой көтереді. Шараның соңында сағат 22.30-да павлодарлықтар мерекелік отшашуды тамашалай алады.

Абзал Қабдраш

Фото:pavlodarnews.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: