Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникация министрі болып тағайындалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2016 23:22 Zakon.kz
Министрлік ұжымына жаңа басшыны премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырды.

Жаңадан құрылған ҚР Ақпарат және коммуникация министрі қызметіне Дәурен Абаев тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz.

Министрлік ұжымына жаңа басшыны премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырды.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі бала тәрбиелейді.

Фото:www.kazbanks.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: