Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2016 23:54 Zakon.kz
2015 жылғы 8 тамыздан - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын», - деп жазылған хабарламада.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1988 жылдан - БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.

1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті.

1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры.

1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры.

1999 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі.

2002 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі - ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы.

2005 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрі.

2006 жылдан - Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.

2009 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2015 жылғы 8 тамыздан - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Орта Азия және Қазақстанның Биржалар қауымдастығына, Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған.

Фото:aigak.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: