Оралда жеңгетайлықпен айналысқан екі азамат ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.05.2016 20:51 Zakon.kz
Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторына қамауға алынды.

БҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы адам саудасымен күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру шаралар барысында жеңгетайлықпен айналысқан екі азаматты қолға түсірді, деп жазады zhaikpress.kz.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласының 1978 жылғы Н. және 1986 жылғы Д. есімді қос тұрғыны бір топ қызды жинап алып, ер адамдарға жыныстық қызмет көрсету үшін ақшаға ұсынып, өзіндік «бизнес» ашып алған. Тапқан ақшаларының жартысынан көбін өздеріне жаратқан арам ойлылар қыздарға тек тұрмыстық қажеттілігі мен азық-түлігіне беріп отырған.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған қылмысты жасағаны үшін оларға мүлкін тәркілеумен бірге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын болады. Сондай-ақ күдіктілердің жыныстық пайдалануға ұсынылған қыздарға қатысты алаяқтық, тонау қылмыстарына барған-бармағанын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Елжан Ералы

Фото:www.hibinform.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: