Ольга Чупразованы өлтірген екі азамат 15 жылға сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2016 17:15 Zakon.kz
Айыптау болжамы бойынша ер адамдар Ольганы видео-тіркеуіштің сымымен буындырып өлтіріп, соңынан электролиз зауытының маңындағы орманда мәйітін көміп тастаған.

Бүгін қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта павлодарлық тәрбиеші Ольга Чупразованың өліміне кінәлі күдіктілерге қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Сот 36 жастағы азаматшаның күйеуі Сергей Чупразов пен оның 21 жастағы сыбайласы Сергей Моисеевті алдын ала пайдакүнемдік мақсатпен адам өлтіруге кінәлі деп танылып, қатаң тәртіптегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза шығарды. Ал, қос азаматтың екеуі адам ұрлауға қатысты айыпты емес деп танылды.

Бұдан басқа, Чупразов пен Моисеевке 1 млн 216 мың теңге көлемінде марқұмның анасы Галина Филоноваға және Ольганың әпкесі Ирина Филоноваға 2 млн теңге төлеу міндеттелді. Сонымен қатар, сыбайластар зардап шеккен тарапқа сот шығындарын төлеуі тиіс.

Еске сала кетейік, 30 жастағы қала тұрғынын үш ай бойы еріктілер мен полицейлер іздеген болатын. Азаматшаны ұрлап әкетіп, өлтірді деген күдікпен марқұмның күйеуі 35 жастағы Сергей Чупразов пен 20 жастағы Сергей Моисеев сот алдында жауап берген. Айыптау болжамы бойынша ер адамдар Ольганы видео-тіркеуіштің сымымен буындырып өлтіріп, соңынан электролиз зауытының маңындағы орманда мәйітін көміп тастаған.

Фото:pavlodarnews.kz.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: