Шымкентте ұрлық жасаған жігітке іздеу салынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.05.2016 23:49 Zakon.kz
Үй иесіне келген шығынның көлемі 5000 АҚШ долларынан асып отыр.

Шымкент қаласының полицейлері өзгенің мүлкін ұрлаған күдікті жас азаматты іздестіреді. 2016 жылдың 3 мамыр күні Әл Фараби полиция бөліміне қаладағы Тұрар Рысқұлов даңғылы бойында орналасқан көп қабатты үйдің бірінде пәтер ұрлығы болғаны туралы хабар келіп түседі.

Көрсетілген мекенжайға жеткен жедел тергеу тобының анықтағаны, белгісіз азамат кіреберіс есіктің екі құлпын бұзып, 52 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кірген және пәтерден бағалы тоны, әшекей бұйымдары мен ақшасын алып, ізін суытқан, деп хабарлайды otyrar.kz.

Үй иесіне келген шығынның көлемі 5000 АҚШ долларынан асып отыр.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында полицейлер қылмысты іске қатысы бар деген күдіктінің жақын маңдағы дүкенге кіріп, сатушымен есептесіп, дүкеннен шығып кеткен әрекеті бейнекамераға түскенін анықтады. Қазір тәртіп сақшылары осы ұрлық туралы қандай да бір ақпарат белетін азаматтар бар болса, дереу полицияға 102 телефонына хабар беруін сұрайды.

Фото:otyrar.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: