Алексей Ни ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасына қатысуы мүмкін атлеттер тізімін жариялады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.05.2016 15:24 Zakon.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Рио Олимпиадасына қатысуы мүмкін спортшылардың тізімін жариялады.

Төрт жылдықтың ірі бәсекесіне қатысатын спортшылардың нақты тізімі 3-7 маусым аралығында Талдықорған қаласында өтетін ел біріншілігінде анықталмақ. Алексей Нидің айтуынша Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Рио Олимпиадасына бармақ, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

Олар:

Ерлер: Илья Ильин, Владимир Седов, Александр Зайчиков, Кирилл Павлов, Денис Уланов, Нижат Рахимов, Ибрагим Берсанов, Селимхан Абубакаров, Фархат Харки, Арли Чонтей, Айдар Казов, Александр Ким.

Қыздар: Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Жазира Жаппарқұл, Маргарита Елисеева, Карина Горичева, Надежда Ногай, Сәуле Сәдуақасова, Әсем Садықова және Александра Аборнева.

Рио Олимпиадасына Қазақстан Ұлттық құрамасы сапынан 6 ер спортшы және 4 қыз спортшы қатысады.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан ел біріншілігі 3-7 маусым аралығында Талдықорған қаласында өтеді.

Фото:www.sports.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: