Ақтауға Солтүстік Америкадан миллиондаған көбелек ұшып келді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.05.2016 15:48 Zakon.kz
Каспий жағалауында таңғажайып құбылыс орын алды.

Ақтауға Солтүстік Америкадан миллиондаған монарх көбелегі ұшып келді. Ұзақ қашықтыққа ұша алатын саяхатшы жәндіктер алыс сапардан тынығу үшін Каспий жағалауына аялдапты, деп жазады 24.kz арнасы.

Бұған биылғы көктемнің жаңбырлы болуы әрі желдің бағыты да әсер етсе керек. Қанаттары қызғылт сары ерекше жәндіктер қала көшелеріне сән бергендей. Ағаштар мен гүлзарлар, тіпті теңіз жағалауынан да жиі кездестіруге болады. Монарх көбелектері қоршаған ортаға зиянсыз, тек өсімдік шырынымен қоректенеді. Оларға құстар да тимейтін көрінеді. Мамандар табиғаттың мұндай тосын сыйы Каспий жағалауында осыдан он жыл бұрын болғанын айтады.

Лариса Гордиенко, биолог:

- Бұл жәндіктерді монарх көбелегі деп топшылап отырмыз. Бұл көбелектер өте ұзақ қашықтыққа ұша алады. Бірақ өз бағытынан адаспайды. Көктем мен жаз айларына дейін алыстарға сапар шегіп, күн суығанда өз қыстауына оралатын қасиетке ие. Ең бастысы – бұл сарғылт қанаттылардың табиғатқа залалы жоқ.

Фото: www.mobilmusic.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: