Лента новостей
0

Қарағандылық үздік түлек Нидерландтағы ЖОО-ға грант ұтып алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.05.2016 23:49 Zakon.kz
Айбек Алтынбек Еуроодақ елдерінің студенттеріне арналған бағдарламаға қатысып, ағылшын тіліндегі емтиханды жоғары дәрежеде тапсырды.

Қарағандылық мектеп түлегі Нидерландтағы жоғарғы оқу орнына грант ұтып алды. Қазақ-түрік лицейінің оқушысы өзге елде бизнес басқаруды меңгермек, деп жазады 24.kz арнасы.

Айбек Алтынбек Еуроодақ елдерінің студенттеріне арналған бағдарламаға қатысып, ағылшын тіліндегі емтиханды жоғары дәрежеде тапсырды. Сонымен қатар техникалық пәндерді жақсы меңгергені үшін грантқа лайық деп танылған. Биыл қазақ-түрік лицейінің 27 түлегі түрлі шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Жалпы облыс бойынша 7 мыңға жуық оқушы 11-сыныпты аяқтап, 46066 түлек бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысатын болады.

Айбек Алтынбек, Қарағанды қаласы №1 қазақ-түрік лицейінің түлегі:

- Мұғалімдеріме алғысымды білдіремін, себебі олардың арқасында мен осындай жетістіктерге жетіп отырмын. Мен шетелде оқып келгеннен кейін Қазақстанға қайту міндетім деп санаймын. Қазақстанда жұмыс істеп, Қазақстанның азаматы болу менің мақсатым.

Фото: 24.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: