Алматы-Астана тас жолында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
![Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2016 18:27](https://www.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-25/file-6671e815-43c2-4c81-ba21-146e51fb0d03/400x226.webp)
Алматы облысында үш көлік соқтығысқан жантүршігерлік апаттан бір адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат, өңірдің ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Полицейлердің деректеріне сүйенсек, жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шегіп, біреуі оқиға орнында жан тапсырды. «БМВ-520» және екі «Мазда» көлігі «Алматы-Астана» тас жолында соқтығысты.
«Алдын ала анықталғаны, жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, қарсы келе жатқан екі көлікке соқтығысқан», - деп хабарлады ІІД.
Апат фактісі бойынша сот алды тергеу басталды.
Екі әйел, бір ер адам Қаскелең ауруханасына жеткізілді.
Еске салсақ, жуырда Алматы облысында Алматы-Бішкек жолының 109 шақырымында «Форд Фокус» және «Хонда Элисон» көліктері соқтығысып, 5 адам ажал құшқан, тағы екеуі ауруханада көз жұмған еді.
Фото: today.kz