Жамбыл облысының әкімі жас дарынды оқушылармен кездесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.06.2016 00:04 Zakon.kz
Халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 272 оқушының 137-і жеңімпаз атанды.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев өңірдегі дарынды балалармен жүздесті. Кездесуге республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері, ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары - жалпы саны 100 оқушы және олардың ұстаздары қатысты.

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің жастарымызғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады» - деп атап көрсетті. Сендер білімді,тәрбиелі болсаңдар - еліміздің ертеңі биік болады!,-деді кездесудің барысында Кәрім Көкірекбаев.

Халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 272 оқушының 137-і жеңімпаз атанды.

Оның: 63-і - Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда. 37-і - Республикалық пән олимпиадаларында. 17-і - Республикалық ғылыми жобалар жарыстарында. 3-і - Президенттік олимпиадада. 2-і - Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі олимпиадасында. 15-і– Республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар жарысында.

Республикалық пәндер олимпиадасының бес жыл қатарынан және ғылыми жобалар жарысының төрт жыл қатарынан қорытындысы бойынша облыс командасы командалық І-ші орынды иеленіп, «Ең үздік команда» атанды.

–Мен облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің түлегімін. Халықаралық «Математика және жобалау» ғылыми жобалар жарысының қола медаль иегері, республикалық пән олимпиадасының жеңімпазымын. Кішкентайымнан қазақ тілін үйрендім. Бүгінгі таңда үш тілде еркін сөйлеймін. Біз білімді жастар облысымызды елімізді көркейтуге үлес қосқымыз келеді,- деп тілегін білдірді оқұшы Тарасова Алина

Аймақ басшысы дарынды жастарға алғыс жариялап, бейнекамералар, ал жеңімпаз оқушыларды дайындаған мұғалімдерге Құрмет грамоталарын тапсырды. Соңында оқушылар облыс әкімімен суретке түсіп, келер күндерге естелік қалдырды.

Ескесалакетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша облыста жалпы орта балл 78,5 % болды.ҰБТ қорытындысында облыстаүшмектеп бітіруші 124 балл жинады.


Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: