Күдікті сөмке анықталған Өскеменнің өнеркәсіп алаңы қоршауға алынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.06.2016 18:08 Zakon.kz
Өнеркәсіп алаңынын ауданы қоршауға алынды, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды, оқиға орнында қырағы тұрғындар байқаған сөмкенің ішіндегі заттарды саперлер тексеруде.

Бүгін таңертең Промышленная көшесіндегі жаяу жолда табылған қараусыз сөмкенің ішіндегі заттарды ІІД-нің мамандары зерттеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Өнеркәсіп алаңынын ауданы қоршауға алынды, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды, оқиға орнында қырағы тұрғындар байқаған сөмкенің ішіндегі заттарды саперлер тексеруде.

ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаевтың түсіндіруінше, полицияға қоңырау бүгін таңертең, сағат 8-дің кезінде келіп түскен. Матадан тігілген сөмкені әскери-техникалық мектептің жанында қала тұрғындары анықтаған.

«Қырағылық танытқан қала тұрғындары полицияға хабарласты. Қауіпсіздік мақсатында өнеркәсіп алаңының ауданы қоршауға алынып, жақын орналасқан ғимараттардағы адамдар қауіпсіз жерге шығарылды, оқиға орнына саперлер шақырылды. Әзірге сөмкенің ішіндегі заттарды мамандар тексеріп жатыр, біз ақпарат күтіп отырмыз», - деп түсіндірді Б.Торғаев.

Фото: inform.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: