Оралдағы кәріздік сорғы станциясында тазарту жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.06.2016 16:47 Zakon.kz
Өздігінен шыға алмаған әріптесін екіншісі құтқармақ болған.

«Батыс Су арнасы» серіктестігіне қарасты кәріздік сорғы станциясында тазарту жұмыстары кезінде 49 және 41 жастағы екі жұмысшы қаза тапты. Қайғылы жағдай кеше сағат 11:30 шамасында болған, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.

Алдын ала дерек бойынша, кран балканы жалғау кезінде жұмысшы кәріз құдығына құлап кеткен. Өздігінен шыға алмаған әріптесін екіншісі құтқармақ болған. Алайда, жұмысшылардың екеуі де газға уланып, суға батып кеткен.

Рауан Диәли

Фото: www.inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: