Шымкентте 5 жасар қызды қорлауға оқталған күдікті ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.07.2016 23:18 Zakon.kz
47 жастағы азаматшаның айтуынша, Ордабасы алаңы маңында белгісіз біреу оның 2011 жылы туған қызын қорламақ болған.

Шымкентте 5 жасар қызды қорлауға оқталған күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлайды, деп жазады otyrar.kz.

Бәйдібек ауданында мал ұрылары ұсталды11 шілде күні кешке Әл Фараби полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. 47 жастағы азаматшаның айтуынша, Ордабасы алаңы маңында белгісіз біреу оның 2011 жылы туған қызын қорламақ болған.

Оқиға болған жерге жол-патрульдік полицейлері жетіп, жедел іздестіру нәтижесінде 34 жастағы Ордабасы ауданының тұрғынын ұстады. Мас күдікті полиция бөліміне жеткізіледі. Сол жерде қылмысты кодекстің 124-бабымен, жас балаларды азғындық жолға түсіру бойынша іс қозғалды.

Сот-медициналық сараптамасы 5 жасар бүлдіршінде ешқандай дене жарақаты анықталмағанын көрсетті. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: otyrar.kz.

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: