Күзет ұйымдарының міндетіне антитеррор қызметі қосылады - ҰҚК

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.07.2016 23:02 Zakon.kz
Терроризмге қарсы заңнаманы орындаудан жалтарса, ол күзет ұйымының қызметі тоқтатылады

Қазақстан бойынша күзет ұйымдарының міндетіне терроризмге қарсы төтеп беру функциясы енгізіледі. Арнайы құрылған жұмыс тобы тиісті заң жобасын әзірледі, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысы барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА жазады.

«Терроризмге қатысты нысандарды қорғау жөніндегі заң жобасын жетілдіру аясында, күзет ұйымдары өздері күзететін нысанды терроризмнен қорғауға міндетті субьектілердің қатарына қосылады. Терроризмге қарсы заңнаманы орындаудан жалтарса, ол күзет ұйымының қызметі тоқтатылады»,-деп хабарлады Үкімет отырысында баяндама жасаған В.Жұмақанов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы алты кодекс пен бірқатар бағыттағы 18 заңға түзету енгізуді көздейді.

Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы

Фото: www.inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: