Павлодарлық орманшылар Усолка өзенінен 30 келіге жуық өлі балықты жинап алды
Zakon.kz
Бірнеше күн бұрын Заря ауылының әкімдігіне хабарласып, Усолка өзенінде жағаға шығып қалған балықтарды жинау туралы ұсыныс жасалды.
Павлодарлық орманшылар Павлодар ауданына қарасты Заря ауылдық әкімдігімен бірлесе отырып, Усолка өзеніндегі өлі балықтарды жинап алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіповтың айтуынша, жағалаудан 10 келілік бірнеше қапшық балық жиналды.
- Бірнеше күн бұрын Заря ауылының әкімдігіне хабарласып, Усолка өзенінде жағаға шығып қалған балықтарды жинау туралы ұсыныс жасадым, себебі, тұрғындар наразылық танытты. Әкімдік бірден келісім беріп, жалпы саны сегіз адам өзеннің жағалауларын жинап шықтық. Барлығы 30 келіден аса өлі балық жиналды, - деді Аждар Жүсіпов.
Абзал Қабдраш
Фото: pavlodarnews.kz.
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript