Бердібек Сапарбаев: Басты мəселе - діни сауаттылық пен жұмыс

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.07.2016 19:37 Фото: zakon.kz
Облыс əкімі атап өткендей, дəстүрлі емес діни ағым жетегінде жүргендердің əрбірімен жеке алдын алу жұмыстары жүргізіліп, оларды жұмыспен қамту бойынша шаралар қолға алынады.

Өңірде діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолға алынуда. Осы мақсатта өңірдегі белгілі топтарға қатысты алдын-алу жұмыстары күшейтіледі, ақпараттық-үгіт топтарының жұмысы жүйеге келтірілуде, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.

Бұл туралы жұмыспен қамту жəне аймақтың əлеуметтік дамудың өзекті мəселелеріне арналған кеңейтілген отырыста облыс əкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Кеңес Ақтөбе облысының əкімдігінде барлық деңгейдегі əкімдердің, бірқатар мемлекеттік, жергілікті атқару органдары жетекшілерінің, т.б. қатысуымен өтті.

Облыс əкімі атап өткендей, дəстүрлі емес діни ағым жетегінде жүргендердің əрбірімен жеке алдын алу жұмыстары жүргізіліп, оларды жұмыспен қамту бойынша шаралар қолға алынады.

«Шынайы жағдайды жасыруға болмайды. Барлығы есепте болуы керек, олардың əлеуметтік жағдайы туралы, отбасы мүшелері мен туыстарының, айналасындағы адамдардың немен айналысатыны жайлы білуіміз керек. Басты мəселе - діни сауаттылық пен жұмыс. Егер жұмыстары болса, өзге күмəнді ағымдар туралы ой да болмас еді», - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс əкімі талқыланып отырған мəселелердің шешімін табуға жауапты тұлғалардың формальды тұрғыда қарауына жол бермеу керектігін ескертті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздарды еңбекпен қамту бойынша шараларды жалғастыра беру керектігін жеткізді.

Фото: today.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: