Шымкентте жоғалған 10 жасар бала табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.07.2016 20:21 Zakon.kz
Тәртіп сақшылары жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізді. Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Шымкент қаласында із-түссіз кеткен 10 жасар Тұрсынбек Ұлықбек үйіне оралды, деп хабарлайды otyrar.kz, облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Еске салар болсақ, 19 шілде күні Абай полиция бөліміне 38 жастағы тұрғын арызданып келіп, өзінің 2006 жылы туған ұлы 18 шілде күні сағат 15:00 шамасында «Бекжан» базарында анасынан әжетханаға барамын деп сұранып, содан қайта оралмай, із-түссіз кеткенін айтқан.

Жасөспірімді іздеуге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Жедел уәкілдердің анықтағаны, жасөспірім осының алдында да бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген екен.

19 шілде күні кешке полицейлер жасөспірімнің анасымен бірге жедел іздестіру іс-шаралары барысында, қаладағы базарлардың бірінен Ұлықбекті тапты. Баланың денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

Тәртіп сақшылары жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізді. Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: otyrar.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: