Санитарлық дәрігерлер: Ертісте ауланған балық денсаулықа зиянды емес
Zakon.kz
Судағы кейбір нормалардың төмен болуы да балықтарға қауіп төндірмейді.
Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің айтуынша, Ертіс өзеніндегі балықтар жеуге жарамды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Естеріңізге сала кетсек, 10-13 шілде аралығында Павлодар облысының бірнеше аудандарынан судағы балықтардың өздігінен жағаға шығып, өліп жатқандығы жайында хабарлама тараған болатын. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бірден су мен балықтың сынамасын алды.
- Лабороториялық зерттеу нәтижесіне сүйенсек, суда балықтарға қауіп төндіретін қандай да бір зиянды заттар жоқ. Судағы кейбір нормалардың төмен болуы да балықтарға қауіп төндірмейді, - деді Ирина Сорокина.
Бейбіт Құрметбекұлы
Фото: pavlodarnews.kz.
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript