Павлодарлық полицейлер 121 келі есірткі жасырған азаматты ұстады
Zakon.kz
Барлығы сегіз қап есірткі тәркіленді.
Павлодар облыстық ІІД 121 келі 809 грамм марихуана және 8 келі 600 грамм гашиш жасырған ер азаматты ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Көкнәр-2016» іс-шарасы барысында қолға түскен 45 жастағы азамат үштен жеті жылға дейін сотталуы мүмкін.
- Күдіктінің үйінің ауласына тінту барысында 121 келі 809 грамм марихуана мен сегіз келі 600 грамм гашиш табылды. Барлығы сегіз қап есірткі тәркіленді. Аталмыш жағдай бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы төртінші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған хабарламада.
Фото: udmtv.ru
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript