БҚО-да малдәрігерлік шараларға 789,66 млн. теңге бөлінді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.07.2016 16:17 Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында эпидемияға қарсы және малдәрігерлік шаралар кешенін жүргізуге биыл 789,66 млн. теңге бөлінді.

Батыс Қазақстан облысында эпидемияға қарсы және малдәрігерлік шаралар кешенін жүргізуге биыл 789,66 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы ветеринарлық қадағалау мәселесі талқыланған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалығымен өткен семинар-кеңесте айтылды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

БҚО ветеринария басқармасының басшысы Қазбек Ташимовтың айтуынша, соның ішінде 654,4 млн. теңге республикалық, 29,7 млн. теңге облыстық бюджеттен қарастырылды. 5,06 млн. теңге ветеринарлық дәрі-дәрмек жеткізуге берілді.

Облыс бойынша 306521 бас ірі қара бруцеллезге тексеріліп, соның 4828-інен ауру табылды. Сауықтыру шараларының қорытындылары бойынша 16956 бас ірі қара тексеріліп, соның 233-і ауру болып шықты. Облыс бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші 1,6 пайызды құрады. Сонымен қатар аталған шараларға қаралған қаржы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бірқатар аудандарда игерілмеген. Соның өзінде бруцеллез ауруы көбейіп отыр. Бұл ветеринария саласында соңғы кезде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты. Оған қоса аса қауіпті ауруларға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек толық көлемде жеткізілмеген.

Биылдың өзінде өңірде қауіпті аурулардың 11 ошағы тіркелсе, соның 8-і - құтыру, біреуі - түйнеме, біреуі - пастереллез, тағы біреуі - ринотрахеит. Бұлар негізінен бұралқы иттер мен мысықтар арасынан шыққан. Бұралқы ит-мысықты жою үшін жергілікті қазынадан 42 623 мың теңге бөлінді. Күні бүгін 11794 ит, 610 мысық ауланған.

Семинар барысында Құрбан айт кезінде малды тек арнайы орындарда сою қажеттігі де айтылды. Облыста мал союға арналған 90 орын болса, соның 77-сі - арнайы алаңдар, 9-ы - пункттер, төртеуі - ет өңдеу кәсіпорындары.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық ветеринариялық зертханасы облыстық филиалының жетекшісі Бауыржан Имашев те малды бруцеллез ауруына тексеру ойдағыдай еместігін, алты айдың көрсеткіші 89,4 пайызды құрағанын атап өтті. Тіпті кей жерлерде ауруды жасырып-жабу да кездеседі, бұл оның одан әрі таралуына жағдай туғызады.

Жиын соңында сала басшыларына ветеринарлық қадағалау шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Елжан Ералы

Фото: altaynews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: