Лента новостей
0

Қазақстан артиллерияшылары түнгі атуларда Ресей,Қытай,Венесуэла командаларынан озық шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.08.2016 20:25 Zakon.kz
Межеге дөп тигізу үшін әрбір командаға үш минадан берілді. Әрбір мүлт кеткен оққа бір айып шеңбері қосылып отырды.

Бүгін Қазақстанның «Гвардейск» полигонында «Артиллериялық оқ ату шеберлері» - «Түнгі спринт» байқауының екінші кезеңі басталды. Армия ойындары шеңберінде бұл түнгі уақытта өткізілген алғашқы сайыс. Тартыс күрделі болды, деп жазады ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Жауынгерлік қалыпта түнгі көру приборларымен жүргізу, минаатқыштан, гранатаатқыш пен автоматтан нысаналарға дөп тигізу – мұның барлығын Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Венесуэланың артиллерияшыларына түнгі мезгілде алғаш рет байқауда орындауға тура келді. Әскери қызметшілер 2Б11 минаатқышынан, түнгі көздеуіштері бар РПГ-7В және АК-74-тен оқ атты. Минаатқыштан оқ ату радиусы 15 метр жеке құрамға арналған тасалары бар арнайы дайындалған ордан жүргізілді.

Межеге дөп тигізу үшін әрбір командаға үш минадан берілді. Әрбір мүлт кеткен оққа бір айып шеңбері қосылып отырды. Оқ атулар нысананы үздіксіз жарықтандыру үшін белгіленген қарқынмен «Оңтүстік» ӨңҚ 85395 әскери бөлімінің Д-30 122 мм гаубицаларының атыс есептоптарымен жүргізілді. Түнгі жағдайда оқ ату үшін қатысушыларға қазақстандық «Аселсан» өндірісінің түнгі көру көздеуіштері ұсынылды. Оптика мергендерге түнгі уақытта оқ атуға, сонымен қатар, сайыстың кейбір сәттерінің түсірілімін жүргізуге мүмкіндік берді.

Биылғы жылы ойындар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты арқылы алғаш рет тікелей эфирде көрсетілгені де ерекше болды. Қазақстанның минаатқыш есептоптары түнгі жағдайда барлық кедергілерді ойдағыдай еңсеріп, барынша жылдамдықта мәре сызығына жетті. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстанның командасы үздік атанды. Екінші орынға Ресей тұрақтады, үшінші орынды Қырғызстанның командасы еншілесе, төртінші орынды Венесуэла місе тұтты. Қазақстанның командасы жеткілікті деңгейде дайындалғанын айта кеткен жөн. Байқаудың басынан бастап қазақстандық артиллерияшылар жоғары нәтижелер көрсетіп, барлық сынақтарда өздерін сенімді ұстауда.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: