Ақтөбедегі көпқабатты үйдің тұрғындары кәріз суының ортасында қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.08.2016 15:20 Zakon.kz
Статистикалық мәліметке сүйенсек, қалада 1615 көпқабатты тұрғын үй бар.

Ақтөбедегі көпқабатты үйдің тұрғындары кәріз суының ортасында қалды. Құбыр жарылып, су кетпей қалған. Қалалық сүт зауыты ауданындағы Мұнайшылар тұйық көшесінің тұрғындары қысы-жазы үйден шықпай, тұмшаланып өмір сүруге мәжбүр. Әкімдік пен коммуналдық мекемелерден еш көмек жоқ, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбе қаласындағы Мұнайшылар көшесі Қарттар мен мүгедектердің интернат үйімен көрші орналасқан. Осыдан 37 жыл бұрын пайдалануға берілген 5 қабатты тұрғын үйдің құты қашып, сәні кеткен. Себебі, жертөле толы кәріз суы. Су толып, сыртқа шығып жатыр. Көшеге аққан сәтте тұрғындар жан-жақтан көмек сұрады. Бірақ, бәрі «баланста жоқ» деген сылтаумен шығарып салған. Өз проблемаларын өздері шеше алмайтын тұрғындар әкімдіктен тағы көмек сұрайды.

«Мына жерде тұрып жатқаныма 19 жылдан асты. Қысы-жазы иіс, су, маса. Әркім бір айтып, ақша жинайды. Шағын жөндеу жұмыстарынан соң мәселе қайта шығады. Қазір жертөле іші толып тұр. Оны сорғанымен, қайта толады»,- дейді Гүлнар Өтегенова.

Мұнда пәтер иелері кооперативі, кондоминиум жоқ. Бас көтерер бір адам өткен жылы ақша жинап, құбыр ауыстырыпты. Бірақ, проблема сол күйі қалды. Кәріз суы тағы еш жаққа кетпей, тұрғындар өздері ағызып жіберген судың үстінде отыр. Сасық иіс қолқаны қабады. Қысы-жазы үйден шықпайды. Ал балалар өзге үйдің ауласына барып ойнауға мәжбүр.

«Біз баламызды ойнату үшін көрші үйге барамыз. Аула ішінде отыру мүмкін емес. Терезені ашсақ пәтер ішіне кіреді. Енді кімге, қайда барамыз? Бізге көмек көрсететін адам бар ма? Мұнда құбыр жарылған, лас су орталық кәзір суына қосылмай, осы жерге жиналып жатыр. Үлкен батпаққа айналды»,- дейді Әсел Жұбаниязова.

Айта кетейік, амалы таусылған пәтер иелері қалалық әкімдік көмек бермесе, үй опырылып ортасына түсе ме деп алаңдап отыр. Ал мұнда 100-ден астам адам өмір сүріп жатыр.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, қалада 1615 көпқабатты тұрғын үй бар.

Фото: www.msktambov.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: