Баянауылда тау аңғарынан алты адам құтқарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.08.2016 19:43 Zakon.kz
Іздестіру шараларына облыстық альпинизм және құзға шығу федерациясының вице-президенті Елена Романескул, Омбыдан туризм бойынша нұсқаушы Андрей Шнейдер және ерікті Елена Белоусова де атсалысқан.

Туризм бойынша ресейлік және қазақстандық нұсқаушылар сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Баянауылда аяқ алып жүре алмайтын тау аңғарынан адасып жүрген алты адамды құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы альпинизм және құзға шығу федерациясының президенті Марина Каримованың айтуынша, жергілікті жүргізушілер үш әйел мен екі жасөспірімді, кішкентай бір баланы демалуға әкелген. Олар жолаушыларды бұлақтың жағасына түсіріп кеткен соң қайтып көрмеген.

- Сағат 23.30-да аңғарды аралап шықтық, алайда ешбір жанды кездестірмедік. 102 нөміріне хабарластық, полицейлер ТЖ басқармасына қоңырау шалды. Құтқарушылардың келуін күтпестен бірден келесі аңғарға бет алып, зардап шегушілердің нақты қай жерде орналасқанын анықтадық. Олар Қара бұлақ және Кемпір тас аңғарларының ортасында тұрып қалған, - дейді Марина Каримова.

Іздестіру шараларына облыстық альпинизм және құзға шығу федерациясының вице-президенті Елена Романескул, Омбыдан туризм бойынша нұсқаушы Андрей Шнейдер және ерікті Елена Белоусова де атсалысқан. Зардап шегушілер өздерінің аты-жөндерін атамай жасырын қалдыруды жөн санады.

Фото: Рavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: