Қазақстанда 2 триллион теңге жария етілді – Қаржы министрлігі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.08.2016 20:26 Zakon.kz
2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 трлн теңге жария етілді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің дамыту және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов айтып өткендей, мүлікті және капиталды жария ету акциясының басынан бастап бірқатар жаңашылдықтар енгізіліп, оның жеңілдетілген нұсқасына көшу жүзеге асырылды, сондай-ақ жария ету субъектілеріне қосымша кепілдіктер ұсынылды. Бұл туралы Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін 100 мыңға жуық өтініш қаралды. Өтініштердің сомасы 2,3 трлн теңгені құрайды, оның 2 трлн теңгесі заңды түрде рәсімделді. Жария етілген ақша мен мүлік сомасы 460 млрд теңгені құрады. Өзгертулер енгізілгеннен кейін 2015 жылдың желтоқсанынан бастап жария етілген мүлік сомасы 1,6 трлн теңгені құрады, яғни жария етуді жүзеге асыру қарқыны 5 есеге артты. Бұдан өзге, өтініштер бойынша орташа айлық сома 28-ден 200 млрд теңгеге дейін артты», – деді Е. Біржанов ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, жария етуге жататын нысандар тобы да кеңейе түсті. Бұл – бизнес-нысандар, тұрғын үйлер және басқалары. Оған қоса, мүлік жария етілетін елдер тізімі де кеңейе түсті. Мұның бәрі де енгізілген өзгертулердің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге жүргізілген жұмыстың арқасында мүмкін болды.

Анықтама үшін:

Мүлікті және капиталды жария ету бойынша акция 2014 жылдың қыркүйегінен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

Фото: Pm.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: