Қазығұртта энзоотиялық шаралар бойынша 91 386 бас ірі қара мен жылқы кенеге қарсы бүркілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.08.2016 15:42 Zakon.kz
342 мыңнан астам уақ мал арнайы сұйықтыққа тоғытылып, үй іргелік қора жайлар да залалсыздандырылды.

Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімі мен «Ауыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бірлесіп, кенеге қарсы дәрілеу жұмысының екінші кезеңін бастады. Мақсат – үй малының энзоотиялық ауруларының алдын алу, деп жазады «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы.

Қазығұртта энзоотиялық іс-шаралар бойынша 91 386 бас ірі қара мен жылқы кенеге қарсы бүркілді. 342 мыңнан астам уақ мал арнайы сұйықтыққа тоғытылып, үй іргелік қора жайлар да залалсыздандырылды.

Төрт түлік арасындағы қауіпті аурулардың алдын алу жұмысына 70-ке тарта маман атсалысты. Залалсыздандыру 13 ауылдық әкімшілік пен 64 елдімекенде жүргізілді. Қажетті автокөліктердің барлығы осы іске жұмылдырылды. Мамандар қорғаныш киімдерімен толықтай қамтылды. Мұндай қарқынды жұмыстарға ауыл тұрғындары да өз ризашылықтарын білдіруде.

Айта кетейік, Қазығұртта аусыл ауруына қарсы вакцина егу ісі толықтай бітті. Қолдан ұрықтандыру ісі 95 пайыз төңірегінде. Үйдегі төрт түлікке арнайы сырғалар тағылып, дерекқорға енгізілді.

Әйгерім Дәулетбекқызы

Фото: agronomu.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: